Ел қорғау – ер азаматтың міндеті. Жыл сайын көктем мен күзде Отан алдындағы борышын өтеуге жасы жеткен азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Биылғы көктемгі шақыру 1 наурыздан басталып, Екібастұз қаласының әскерге шақыру және медициналық комиссиясы жұмысына кірісті. Бұл жайында қала әкімінің аппарат отырысында Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі басшысы Махамбет Жамбылұлы баяндады.
Оның сөзіне қарағанда, мерзімдік әскери қызметке 298 азамат шақырылуға жатады екен. Қазіргі уақытта 77 азамат комиссиядан өтіпті. Соның ішінде 27 адам әскерге жарамды деп танылса, 37 адам қосымша медициналық тексеруге жіберіліпті. Бірнеше жігіт әскерге жарамсыз не уақытша жарамсыз болып шыққан.
Әскерге шақыру науқанын ұйым-шылдықпен өткізуге кедергі болып тұрған біршама жайттар бар екені де айтылды. Мәселен, 221 адам қалалық медициналық комиссияға келмепті. Осы орайда, қала басшысы Аян Бейсекин ауыл әкімдері мен полиция басқармасына қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліммен бірлесіп әрекет етіп, шақырушыларды қамтамасыз етуді тапсырды.