
Ірі өндіріс орындары бар аймақ үшін жасыл желек аса қажет. Сондықтан экологтар көгалдандыру жайын айтып жар салуда. Қаламызда жыл сайын жас көшеттерегіледі. Өкінішкеқарай, олардың бәрі топырақты жерсініп кетпейді. Тағы бір бөлігі күтім болмағандықтан қурап қалып жүр. Бұл проблема қалалық мәслихатта талқыланған болатын.
Бейсенбі күні қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері саябақтар мен скверлерге көгалданды-ру мақсатында отырғызылған бұрнағы жылғы көшеттердің жайын білу үшін қалааралады.
Бақылаушыларалдымен Интернационалист жауынгерлер саябағына барды. Мәслихат төрағасы Нияз Макраев егілген 20 көшет демеушілер көмегімен алынғанын жеткізді. Мұндағыталдардың бір-екеуін сындырып кеткені болмаса, қалғаны түгел екен. Екібастұз политехникалық колледжінің алдына акация мен қарағашы аралас 100 түпағаш отырғызылған-тын. Маңайын су басқан батпақты жерде ағаштардың жартысына жуығы шіріп, қурапқалған. Мұны эколог-маман Г.Пинчук тексеру барысында анықтады.

— Мұнда ағаш отырғызу кезінде қателіктер кеткен. Мұндай жерде ағаш түбіндегі шеңбер әдеттегі денкеңірек болуы керек. Бұл сырттан құйылатын артық ылғалдан сақтайды. Оған қоса талдарға ешкім күтім жасамаған, — деді Геннадий Павлович.
Маманның сөзін «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Анатолий Дворакта қолдады. «Демеушілер қаржы бөліп, еріктілер қаншама күш-қуатын сарп етіп еккен әрекетінен еш нәтиже жоқ. Қаншама тал-дарақ күтімсіздік салдарынан текке солып жатыр», — деген ол бұл мәселені қатаң бақылауға алмаса болмайтынын айтты.
Келесі кезекте бақылаушылар «Екібастұзға — 50 жыл» саябағын аралады. Ағаштардың кейбірі шіріп, енді біреулерін кесіп әкеткен тәрізді. Жаздамұнда «Шахтер» саябағындағы аттракциондар көшерілмек. Оларға орын дайындау үшін бірқатар ағаштарды кесу не көшіру керек болады екен. А.Дворак жағдайды барлай келе, ұзын саны 12 ағашты көшіру қажетін айтты. Олардың орнына декомпенсациялық ағаштарды отырғызып, саябақты тұрғындар үшін жайлы орынға айналдыруды ұсынды. Бұл іске аттракцион қоятын кәсіпкерлер де үлесін қосуы тиіс.
Г.Медеубайтегі
Суреттерді түсірген: автор