Екібастұз қаласының әкімдігінде Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл күні жеті бала тәрбиелеген Әсел Тасболатқызы «Алтын алқа» төсбелгісін иеленді. Алты бала өсіріп, тәрбиелеген Бахыт Алтын, Гүлнұр Жирембаева, Үміт Крисхан, Наталья Назаренко, Жанерке Рахимбекова, Эльмира Сарқытбаева, Мейрамгүл Сыздықова, Нұргүл Тенлес-баева және Аяжан Чуева «Күміс алқамен» марапатталды.
Қала әкімі Аян Бейсекин аналарды мерекемен құттықтап, олардың отбасындағы, қоғамдағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Әсел Баймағанбетова — жеті баланың анасы. Үлкен қызы 20 жаста, ал кенже ұлы екі жасқа да толмаған. Ол бұл марапатты үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын айтты.
— Ана болу — бақыт. Балаларым — менің ең үлкен байлығым. Біз үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау — үлкен демеу. Осындай шараны ұйымдастырып, бізге құрмет көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін, — деді ол.
Ділназ Серікбай