«Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінің түлектері тарапынан игі бастамалар жиі көтерілетініне куә болып жүрміз. Мәселен, былтырғы жылдың қараша айында мектеп түлегі — кәсіпкер Мереке Байжан мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен екі оқушысына (11-сынып) 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған болатын.
Мектепті 2014 жылы бітірген Мереке бұған дейін білім ошағының 20 жылдық мерейтойын 1 млн теңге ақшалай қаражатпен қолдаған еді.
Кіргелі тұрған Жылан жылында да Мереке тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше талпындырмақ. Себебі Мереке Байжан мектептің биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған түлегіне 5 миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ. Олай болса, «зерделік» оқушыларға «Іске сәт!» дейміз.
Ж. ӘБДІКӘРІМ