2017-2018 оқу жылында «білім берудегі жоғары рейтинг көрсеткіштері үшін» мектеп ұжымы қаламыздың сол кездегі басшысы Нұржан Әшімбетовтен диплом және 2 миллион теңгенің сертификатын алды.
2018-2019 оқу жылында №26 гимназия-мектебі мемлекеттік білім гранттарын иелену рейтингісінде көшбасшы орыннан көрінді. ҰБТ тапсырған 52 түлектің 33-і мемлекеттік грантқа ие болып, «Облыстың үздік мектебі» атанды. Даяна Әлімбаева — «Алтын белгіге», Әсет Арымбеков, Аян Мәулитов, Камила Қасқырбаева үздік аттестат-қа лайық екенін дәлелдеді (сынып жетекшілері — К.Ш.Секербаева, Б.У.Мекежанова). Осыған орай Павлодар қаласында өткен «Білім және ғылым» атты облыстық тамыз кеңесінде сол кездегі облыс әкімі Болат Бақауов 50 миллион теңгенің сертификатын тапсырды, бұл қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын заманауи үрдістер мен талаптарға сәйкес жаңартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2020 жылы мектептің әйнек-есіктеріне күрделі жөндеу, мәжіліс залы мен спорт залдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Осы жылы мектептің жылу жүйесі ауыстырылды. Соның арқасында оқу ошағы жылы әрі таза.
Ж.Әбдікәрім