Өңірімізде «Ел баласы» жобасы аясында оқушылармен кездесулер жалғасуда. Бұл бастаманың авторы — қала әкімі Аян Бейсекинмен кезекті кездесу бейсенбі күні №7 гимназия-мектебінде өтіп, қала әкімі жоғары буын сыныптарының 100-ден астам оқушысымен жүздесті. Кездесу барысында ол өз тәжірибесін бөлісіп, мамандық таңдауға қатысты ақыл-кеңес берді.

Кездесуде жастар саясаты, өскелең ұрпаққа арналған іс-шаралар, спорттық инфрақұрылымды дамыту, белгілі спортшылармен кездесулер ұйымдастыру туралы сұрақтар қойылды.

Жиын барысында қала басшысы жетістікке жетудің негізгі факторларына тоқталды. Ол өзінің өмір жолы жайлы әңгімелеп, еңбекте табысқа жетудегі ең басты шарттардың бірі тәртіп екенін атап өтті. Осы қасиетінің арқасында түрлі қиындықтарды жеңіп, биік белестерді бағындырғанын жеткізді.
Ділназ Серікбай