…Оқушыларды табиғат сиқырына тартқан мұндай тәжірибелердің түр-түрі жасалды. Солардың бірі құстар мен басқа да тіршілік иелерін бақылау және қорытындысын Ленинград қаласындағы фенологиялық орталыққа жіберіп отыру болды. Көптеген зерттеу нәтижелері Павлодар қаласындағы жас натуралистер станциясына жолданып отырды. Нәтижесінде Екібастұз орта мектебінің үш оқушысы: Р.Класснер, Л.Сайбель, Т.Шайкенов Ленинградтың фенологиялық секторына фено-корреспондент болып қабылданды.

Әрине, инемен құдық қазғандай болған осынау жұмыстардың табиғатқа ғана емес, жас өскін оқушыларға да бергені көп. Өздерінің болашағын биологиямен байланыстырған оқушылар көбейді, уақыт өте келе шәкірттері арасынан алты ғылым кандидаты, профессор-ғалымдар шықты. Солардың бірі — биология зертханасынан айналшықтап шықпайтын Тәттім Егінбаев Американың Филадельфия қаласында рак ауруын емдеу жолын ғылыми тұрғыда зерттеуде.
Ардақты ұстаз Дәмеш Төлеубаеваның өмірі туралы қызықты жайттарды газеттің 6 ақпандағы №6 нөмірінен оқыңыздар.
Жанаргүл Қадырова