Әдетте жыл басында билікте кадрлық ауыс-түйіс болып тұрады. 21 қаңтар күні аппараттық кеңесте қала әкімі Аян Бейсекин жаңа қызметке кіріскелі отырған басшыларды көпшілікке таныстырып, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаратындықтарына сенім білдіріп, сәттілік пен табыс тіледі.
19 қаңтар күні Төртқұдық ауылдық округінде сайлау өткізіліп, онда көп дауыс жинаған Жанар Амангелдіқызы Уалинова ауылдық округ әкімі болып сайланған еді.
Ол 1978 жылы туған, білімі жоғары. 1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Ән мен күй» мамандығы, 2008 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы, 2020 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Жалпы еңбек өтілі — 23 жыл. Әр жылдары Екібастұз қаласы №18 мектебінің мұғалімі, Төртқұдық ауылы клубының меңгерушісі, «Атамұра» мәдениет орталығы директорының орынбасары болып еңбек еткен. Жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін Төртқұдық ауылдық клубының әдіскері болды.
Ж.Сәдуақас