Мәшһүр Жүсіп көшесі, 90 «А» мекенжайында орналасқан косметологиялық кабинеттің иесі — кәсіпкер Әсел Мұқашева қоғам белсендісі Айжан Күртебаевамен бірігіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға тегін қызметтер көрсетілді.
Қайырымдылық акциясынан Мәшһүр Жүсіп көшесі, 71 мекенжайындағы сұлулық салонының иесі Диана Тоқсанбаева да сырт қалмай, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға шаштараз қызметтерін тегін көрсетті.
Ж. ЖАПАРОВА