Екібастұз ауданы басшылығында сонау 1990-шы жылдары қызмет істеген азаматтардың бәрін біршама білуіме журналист болуымның септігі тиді. Сол уақытта түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, шаруашылық мәселелерімен ауылдарды аралау тәжірибесі болғанын аға буын ұмытпаған шығар. Екібастұз аудандық агроөнеркәсіп кешені кәсіподақ комитетінің төрағасы Фатқұлден Кәменовпен де бірнеше қабат шаруашылықтарға жолым түсіп, әңгімелесудің орайы келген-ді. Алайда шыққан тегі, ұшқан ұясы, өскен ортасы туралы сөз қозғалмапты. Сол олқылықтың орнын осы жолғы жазба толықтырады деген ойдамын.


— Арғы аталарымыздың атақонысы — Сарықопа. Қазіргі Көксиыр мен Қаражар ауылдары аралығында ескі жұрты жатыр. Сарықопаны мекен еткен Шалбай атамыздың балалары Жалбыр, Шақа, Құлбаян, Дәлди, Қияс — бәрі сол атақоныста жерленген. Бала күнімде Кәмен атам зираттарын көрсеткен еді. Кәмен атам — Шақаның баласы, заманында Ақкөл болысының №6 ауылында ауылнай болған. 1961 жылы «Өлеңті» кеңшары құрылғанда інілері Сейітқан, Рамазан, Ахаттың балаларын соңынан ертіп Көксиырға көшіп келген екен, — деп бастады әулет тарихы туралы әңгімесін Фатқұлден аға.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 23 қаңдардағы №4 санында.
Ж.Сәдуақас